Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЗА МЕРЗІМІН ӨТЕУШІЛЕРМЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАЗА МЕРЗІМІН ӨТЕУШІЛЕРМЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ


    Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті  ЗК-169/5 мекемесінің  сотталғандар арасында  тәрбие жұмыстарын  жүргізу бөлімінің маман психологы Ш.Кульбаеваның ұйымдастыруымен мекемедегі  жаза мерзімін өтеушілерге «Достығымыз бірлікте» тақырыбында  семинар - тренинг  өткізілді. Тренингке Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Қ.Балтабайқызы қатысып, өмірдегі адамға ең қажетті дүниелердің бірі  достық қарым –қатынас  туралы  тоқталып өтті.
    Сондай –ақ тренинг барысында жаза мерзімін өтеушілерге «Есімім –ең әдемі сөзім!», «Сәлемдесу», Табиғат мінезі», «Жалғастырып көр», «Жүректен жүрекке» атты тренинг жаттығулары ұйымдастырылды. Тренингтің негізгі мақсаты жаза мерзімін өтеушілер арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлау, адал дос болуға шақыру. Шара барысында жаза мерзімін өтеушілер  маман психологтардан кеңес  алып, өздерін еркін сезініп, алған  әсерлерімен бөлісті.

19 қазан 2017 ж. 458 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области