Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЗА МЕРЗІМІН ӨТЕУШІЛЕР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ

ЖАЗА МЕРЗІМІН ӨТЕУШІЛЕР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ


    Рухани келісім күніне орай  Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті  ЗК-169/5 мекемесі жаза мерзімін өтеушілер арасында  «Білім – ырыс қазығы» атты интелектуалдық сайыс өткізді. Сайысқа қатысушы «Атамекен» және «Нартәуекел» топтарының білімі мен білігін Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық  әмбебап  ғылыми кітапханасының мамандары А.Айдашқызы, Н. Болатбекқызы және Е.Көшеровтен жасақталған қазылар тобы бағалады.  
    Ұлт тарихы,  қазақ хандары мен ел қорғаған батырлар, танымал ақын-жазушылар жайлы қойылған сұрақтарға екі топ мүшелері де толымды жауап беріп, сайысқа белсене қатысты. Сондай-ақ, шара барысында режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» көркем фильміндегі басты кейіпкер тарихшы Ермұхан Бекмұхановтың  тарихи шындық жолындағы күресі жайлы да айтылды.
    Жаза мерзімін өтеушілердің тарихымызға деген қызығушылығын оятқан осындай  сайыс  түрлері  алда да жалғасады.
    Д.АБЖАМИЕВ,
    САТЖЖ бөлімінің теологиялық оңалту  тобының
    инспекторы, әділет аға лейтенанты

19 қазан 2017 ж. 350 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области