Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢА ӘЛІПБИДІ ЖАСТАР ЖАТЫРҚАМАЙДЫ

ЖАҢА ӘЛІПБИДІ ЖАСТАР ЖАТЫРҚАМАЙДЫ


    Төретам кентіндегі №269 орта мектепте латын әліпбиіне көшуге байланысты «Ұлттық әліпби халқымыздың игілігі» тақырыбында жиын болып өтті. Жиында мектеп директоры Фарида Аманова Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы шешімі жайлы тарата айтып, бұл барша жұрт қолдайтын бастама екендігін жеткізді.
    Әсіресе, жаңа әліпбиді игеру балалар мен жастарға қиындық туғызбауы керек. Өйткені, қазіргі буын ұялы телефон арқылы латын қарпін игеріп алды. Сондай-ақ, бұл бастама Қазақстан үшін әлемге есік ашатыны айтылды.
    Тілімізді байытып, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейде танытудың тетігі де осы латын әліпбиі. Басқосуда бұл реформаға баршаның атсалысуы қажеттігі айтылды.

19 қазан 2017 ж. 580 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области