Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА ӨТКІЗУДЕ

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА ӨТКІЗУДЕ


    ҚР ІІМ 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 161 бұйрығымен бекітілген операциялық жоспарының 74-тармағын орындау мақсатында  20-24 қараша аралығында республикалық «Пробация» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
    Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті аумақтық пробация қызметтерінің есебінде тұрған,  қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға орай мамандар күшейтілген қызмет түріге көшті.
    Шара барысында  Байқоңыр қалалық пробация қызметі Ресей Федерациясының Ішкі істер басқармасының учаскелік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, сотталғандарды тұрғылықты жері  бойынша  тексеріп, олармен әңгімелесті.
    Іс шара барысында   үш сотталғанның жаза өтеу талаптарын  бұзғандығы анықталды. Осыған орай қалалық сотқа екі шартты түрде сотталғанның пробациялық бақылау мерзімі ұзартуға, бір азаматтың жазасын бас бостандығын айыруға ауыстыруға ұсыныс жолданды.
    Н.БАЙМЫРЗАЕВ,
    Байқоныр қалалық пробация
    қызметінің бөлім бастығы.

21 қараша 2017 ж. 805 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области