Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҮНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЗИЯН?

ТҮНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЗИЯН?

Бізге түнгі ауысым қажет-ақ. Әуежай, аурухана, дәріхана және мейрамханалар тәулік бойы қолжетімді болмаса, дамыған өркениетке үйреніп қалған біздің қоғамға қиын болады. Бірақ, күн батқан соң жұмысы басталатын адамдардың денсаулығы не болмақ? Ендеше, бұл туралы ғалымдар не айтатындығын қарастырайық.
Ағза түнгі кестеге толықтай үйреніп кете алмайды
Сарапшылар 24 жыл бойы түрлі жастағы 189 мың әйелдің денсаулық жағдайын зерттеген. Олардың барлығы түнгі ауысымда кезектесіп жұмыс жасайды. Әйелдер мұндай тәртіппен қаншалықты ұзақ өмір сүрсе, жүрек-қан тамырлар ауруы қаупі соншалықты жоғары болатындығы анықталған.
Басқа зерттеу үш түнгі ауысымнан соң гендегі ақуыз синтезінің процесі бұзылатындығы көрінді. Ол барлық ағзаның жұмысын баяулатады.
Адам – күндізгі тіршілік иесі, оның ішкі биологиялық сағаты тәулік уақытына бағытталған. Түнде ағзада ұйқы гормоны мелатонин бөлінеді: ол иммунитетті көтереді және жасушаларды қартаюдан қорғайды. Инсулин деңгейі де жоғарылайды, бұл гармон аштық сезіміне жауап береді. Сондықтан біз түнде ұйықтамасақ, қарнымыз ашады. Сондай-ақ, түнде ұйықтамау кезінде күйзеліс гармоны кортизол мөлшері көбейеді. Яғни, ағза үнемі күйзелісте болады. Ол демалмайды және жылдам шаршайды.
Мұндай режимнің зардабын бірден көресіз: күндізгі ұйқышылдық пайда болады, есте сақтау мен зейін қою төмендейді, көңіл күй мен жұмысқа қабілеттілік нашарлайды. Осылай ұзақ жұмыс істеудің себебінен жара, қант диабеті, депрессия және тіпті, сүт безі рагы қаупі жоғарылай түседі.
Зерттеулер бойынша, кесте ұзақ уақыт бойы өзгермесе, адам бейімделе бастауы мүмкін. Бірақ бұл қабілет бәріне бірдей берілмеген: зерттеулер тек 40% адамнан мелатониннің күндіз бөліне бастағанын байқаған.
Түнгі жұмыстың тағы бір кемшілігі – спорт пен дұрыс тамақтануға аз мүмкіндіктің болуы.
Сауалнамалар түнгі ауысымнан соң спорзалға бару немесе тамақ пісіру қиынға түсетіндігін көрсетеді. Түнгі өмір сүру салтының зиянын қалай азайтуға болады?
1. Күндіз ұйықтауға уақыт табыңыз. Ересек адамға 6,5-8 сағат қажет.
2. Жарықта ұйықтау қиын, сондықтан жағдай жасап алыңыз. Мысалы: жапқышты күн түспейтіндей етіп жабу және көзіңізге арнайы маска кию.
3. Кезегіңіздің басында кофеині бар сусын ішіп, жарық шам қосыңыз.
4. Ауысымыңыздың соңында кофеині бар ештеңе ішпеңіз.
5. Күндіз далада жүруге тырысыңыз. Күннің жарығы жетіспесе, депрессия басталуы мүмкін.
6. Түстен кейінгі ұйқы 40 минуттан аспау керек. Егер ол 75 минуттан асып кетсе, терең стадияға еніп, күні бойы ұйқышыл болып жүресіз. 7. Түнде зат алмасу баяулайды, сондықтан түнгі ауысымда салмақ жинау оңай. Түнде калориясы көп тамақ жемей, жиі қозғалыңыз.


08 қазан 2018 ж. 296 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области