Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА ШАРАЛАРЫ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА ШАРАЛАРЫ


        Қылмыстық процестерді жаңғыртуға және құқыққорғау қызметінің бірнеше жақтарын жетілдіруге бағытталған жаңа заң жобасы талқылауда. Қылмыстық процестердің маңызды сәттерін үйлестіретін бұл заңнамалық құжат бірқатар талаптарға жаңа көзқараспен қарайды.
       Жаңа заң жобасы қамауда ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды көздейді. 48 сағат – бұл барлық дамыған елдерде қолданылатын халықаралық стандарт. Ал кәмелетке толмағандар үшін бұл мерзім 24 сағаттан аспауы керек.
        Экономикалық қылмыстар бойынша қамауға алуды болдырмау ұсынылған, себебі бұл қылмыстар адам өміріне қауіп тудырмайтын санатқа жатады.
        Санкция беру құзыреті прокуратурадан соттарға берілетін болады. Тергеушінің ұсынысы турасынан сотқа баратын болады. Нәтижесінде, соттан басқа бір де бір орган адамқұқығын шектей алмайды.
         Қылмыстық процестерді жаңғыртудың және бір шарасы – электронды қылмыстық істерді енгізумен байланысты. Қылмыстық істің барлық процесі–істің тіркелуінен бастап жазаның орындалуына дейін – электронды форматта жүргізілетін болады. Бұл әділеттіліктің бірден бір дәлелі болмақ, яғни  барлық процестің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
        Тамыз айынан бастап облыста Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылғанын хабарлаған болатынбыз. Азаматтардың өтініштерін қарау үшін мұнда кезекші прокурор, медиаторлар, басқа да құқыққорғау органдарының өкілдері жұмыс жасайды. Алдағы уақытта – қылмыстық істер электронды жүргізіле бастағанда – келушінің барлық мәліметін тексеруге қажетті материалдар қолжетімді болады. Істе бар құжаттар мен процессуалды шешімдердің барлығы прокурорға көрініп тұрады.
        Бұл жаңа тәсілдердің барлығы азаматтардың құқыққорғау жүйесіне деген сенімін арттыру үшін жасалуда.
       Нұрбол Әлкебайұлы,
       Қызылорда облысы бойынша
        мемлекеттік кірістер департаментінің
        басқарма басшысы

14 қараша 2017 ж. 171 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области