Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

2017 жылдың 27 ақпанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң қолданысқа биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді.
Осы заңның аясында «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңының 6-бабына келесі түзетулер енгізілді.
"Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ осы Заңның 6-1-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда банктік шот ашуға арналған және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына енбестен жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі."
Бұл түзетулер негізінде заңды тұлғаны тіркеу барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері автоматтандырылған түрінде банктен есеп шотын ашуға және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға кол жеткізуі болып табылады. Сонымен бірге, бүгінгі танда кәсіпкерлер өз бизнесін «Электрондық үкіметтің» веб-порталында онлайн режимде мемлекеттік тіркеуден, қайта тіркеуден, таратылуын тіркеуден өткізуге мүмкіндігі бар.
Осы электрондық қызметтің ерекшелігі, заңды тұлғаның өкілі интернет желісіне қосылған компьютер арқылы электрондық қолтаңбасымен өз уақытын үнемдеп, бизнесін қысқа мерзімде тіркеуі.
Сонымен қатар, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 466-бабына өзгеріс енгізілді.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкiлдiктерді есептік тiркеу туралы заңнамасын бұзу:
1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, оның филиалдары мен өкiлдiктерін қайта тiркемей, қызметтi жүзеге асыру – ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы уақтылы хабарламау – ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Яғни, бұған дейінгі редакцияда ескерту жасау немесе лауазымды адамдарды әкімшілік жауапкершілкке тарту қарастырылмаған болатын.

Е.ТАЖИКЕНОВ,
Қызылорда облыстық әділет департаментінің
Заңды тұлғаларды тіркеу жұмыстарын
ұйымдастыру бөлімінің басшысы,
Заңгерлер одағының мүшесі.
29 тамыз 2018 ж. 205 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области