Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРІ КӨП АУЫЛ

КӘСІПКЕРІ КӨП АУЫЛ

Кәсіпкерлік кең өріс алған Қазалыдағы Бекарыстан би ауылында енді ағаш және пластик бұйымдарын шығаратын цех жұмыс істейді. Онда пластик өнімінен дайындалған және ағаштан жасалған есік, терезе, тағы басқа тұрмыстық бұйымдар бар.
Негізі цех жұмысын ағаш ұстасы Мейрімхан Тілеуқұл 2010 жылы бастаған. Сол кезде ауласынан шағын цех ашып, ағаштан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауды қолға алды. Ол қол жуғыш, шай үстелі, сандық, терезе, есік тіпті қайыққа дейін істеді.
Екінің бірінің қолынан келе бермейтін ұсталық өнер Мейірімханға әкесінен қоныпты.
– Бала күнімізде әкеміз бәрін істеуші еді. Жанында жүріп, үйренгеніміз көп болды. Әкем жасаған дүниелерге қызыға қараушы едім, - деген Мейрімхан қазір өзі де өзгелерді таңқалдырып жүр.
Ағаш шебері бізбен келешекке құрған жоспарымен де бөлісті. Ол цехта түрлі ағаш бұйымдарын жасауды жоспарлап отыр. Әңгімесінен сувинерлерге деген қызығушылығы артып жүргендігін аңғардық.
Бүгінде ауыл ұстасының қолынан шыққан дүниелерге деген сұраныс жоғары. Ауылдағы ағайын оған дән риза. Сұраныс артқан сайын цех көлемін ұлғайтып, қосымша құрал-жабдықтар алу қажеттілігі туындап отыр.
Сөйтіп, отбасылық кәсіптің көкжиегін кеңейту мақсатында жеке кәсіпкерлігі бар зайыбы Толғанай Манау «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз несиеге құжаттарын рәсімдеп, нәтижесінде 1 миллион теңгеге қол жеткізді. Ол қаржыға ағаш шебері Мейрімхан керекті құрал-жабдықтар әкеліп, жұмысын одан әрі жандандыруда.
Тұтынушылардың талғамынан шығып, тапсырысты дер кезінде сапалы әрі сәнді етіп орындау шебердің басты ұстанымы. Сондықтан болар тапсырыс беру-шілер қатары күн санап артып келеді.
Айта кетейік, қазіргі күні цех қызметін Бекарыстан би ауылынан бөлек, көршілес Майдакөл, Түктібаев ауылдарының тұрғындары да пайданалып отыр. Күніне қанша бұйым дайындалады деген сауалымызға: «Әр кезде әр қалай тапсырыс түседі. Қазір құрылыс жүргізетін кезең болғандықтан есік-терезеге деген сұраныс жоғары. Біз талғамға сай ағаш бұйымдарын істейміз», – деп жауап берді ағаш шебері.

Қазалы ауданы
27 тамыз 2018 ж. 353 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области