Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰЙҚЫСЫ ҚАНБАЙ ЖҮРЕТІН АДАМНЫҢ СЕМІЗДІККЕ ШАЛДЫҒАТЫНЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҰЙҚЫСЫ ҚАНБАЙ ЖҮРЕТІН АДАМНЫҢ СЕМІЗДІККЕ ШАЛДЫҒАТЫНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Ғалымдар зерттеуге қатысушыларды түні бойы ұйықтамай отыруға мәжбүрледі
Адам аз ұйықтағанда терісінде биологиялық зат алмасу процесі айтарлықтай бұзылады. Сондай-ақ, бұлшық еттер дұрыс қозғалмай, ағзада артық май жиналады. Бұл туралы швециялық Уппсаль университетінің ғалымдары мәлімдеді, деп хабарлады Sputniknews.kz.
Швед ғалымдардың жұмысы бұрын-соңды жасалмаған анализге арналады. Ғалымдар аз ұйықтаған адамның терісін молекулалық деңгейде зерттеген. Экспериментке жалпы дені сау 15 адам қатысқан. Оларға дұрыс тамақтанып, университет зертханасында бір күн қонып, толыққанды 8 сағат ұйықтау ұсынылды. Ал келесі күні оларға түнде ұйықтауға тыйым салынады. Екі күннен кейін олардан тері асты майы мен қаңқа бұлшық етінің үлгілері алынды. Себебі, осылар қант диабеті мен семіздікке шалдыққан адамдардың ағзасында биологиялық зат алмасудың қандай деңгейде жүріп жатқанын көрсетеді. Мұнымен қатар, экспериментке қатысушылардан метаболизмге қатысты әртүрлі факторды талдау үшін қан алған. Молекулалық деңгейдегі анализ түнгі ұйқының бұзылуы ағзада көп процесті өзгертетінін көрсетті.
"Жаңа зерттеу жұмысы ұйқы аздығы геномның көптеген бөлігінде ДНҚ-ның модефикациялануын өзгертетінін дәлелдеді", — дейді зерттеу авторларының бірі Йонатан Седернес.
Оның айтуынша, анализ адамның ұйқысы қанбаған кезде тері қабатының майды өзінде сақтап қалуға тырысатынын дәлелдеді. Осы кезде бұлшық ет үздіксіз қозғалыста болатын қан құрамындағы қантты қолдана алмай қиналады. Ғалымдар осы өзгерістердің барлығы ақырында адамды семіздікке және диабеттің екінші түріне шалдықтыратынын айтады.
Мамандар бір түндік эксперименттен алған зерттеулерінің қорытындысын өзге де тәжірибелермен растай түспек. Сондай-ақ, олар дұрыс ұйқы, диета мен жаттығулардың ағзадағы зат алмасуларды қаншалықты қалып келтіре алатынын анықтауды көздеп отыр. Ал зерттеу жұмысы Science Advances атты ғылыми журналда жарияланған.
24 тамыз 2018 ж. 354 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области