Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЕЛМІЗ

ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЕЛМІЗ


    Біздің еліміз – көп этносты, көп мәдениетті және көп конфессиялы мемлекет. Өркениеттер тоғысында тұрған Қазақстан Шығыс пен Батысты, Еуропа мен Азияны, түрлі мәдениеттер мен діндердің адамдарын жақындастыруда елеулі рөл атқарады. Оны «өркениеттер қиылысы» деп тегін атамаған. Қазақстанда діндердің бейбіт қатар өмір сүруінің өзі оның әлеуметтік және рухани өміріндегі тұрақтылықтың кепілі болып отыр.
    1992 жылы Алматы қаласында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен рухани келісімнің Бүкіләлемдік Бірінші Конгресі өткен. Аталмыш жиынның өткізілуі көптеген шет мемлекеттердің тарапынан үлкен қолдау тапты. 18 қазан - Рухани келісім күні ретінде еліміздің атаулы күндерінің қатарына қосылды.Осы уақыттан бастап бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі. Осыған орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының аванзалында «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
    Көпұлтты мемлекетімізде және бүкіл әлемде келісім мен өзара түсіністікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған кітап көрмесіне «Елбасы Н.Ә.Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы», «Қазақстан конфессияаралық келісім орталығы», Ә.Нысанбаевтың «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм», «Ислам ынтымақ пен бірлік жолында», Ахетов А. «Святое притяжение отчизны», «Актуальные вопросы государственно-конфессиональных отношений в Республике Казахстан», Лаумулин М. «Геополитические процессы в исламском мире», «Мен Қазақстанның азаматымын», «Казахстан и страны мира», «Народы Казахстана», «Қазақтар және түрік әлемі» кітаптарымен қатар мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар қойылды.


18 қазан 2017 ж. 707 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области