Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА


    Биылдан бастап жүзеге асырыла бастаған «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы бойынша аймағымызда кешенді іс-шаралары қабылданып, тиісті жұмыстар қолға алынды.
    Бүгінде жоба аясында 28 мамандық бойынша 22 колледжде кәсіптік даярлау жүзеге асырылуда.
    Бағдарламаны жүзеге асыру мектеп бітіруші 6196 жастың 97,0 пайызының жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алуына мүмкіндік берді.
    Әсіресе, бірінші рет білім алушылардың жұмысшы мамандығы бойынша бірнеше біліктіліктерді қатар алып шығуына баса мән беріліп отыр.
    Қазір 11 колледжде 18 мамандық бойынша білім алушылар 38 біліктілік бойынша жұмысшы мамандығына оқытылып жатыр.
    Тағы бір жаңалық – еңбек ресуртарының сұранысына сәйкес жұмысшы кадрларын қысқа мерзімді курстар арқылы даярлау қолға алынған.
    Ағымдағы жылы 3518 адамды оқыту жоспарланып, 2743 жас оқуға жолдама алып, оның ішінде 1085 жас курстарды аяқтады.
    Курстық оқыту 19 колледж және 14 кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарында 35 мамандық бойынша ұйымдастырылуда.

08 қараша 2017 ж. 803 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области