Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ГЕННАДИЙ ШИПОВСКИХ: БІЗ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШПЕЙМІЗ – ОРАЛАМЫЗ

ГЕННАДИЙ ШИПОВСКИХ: БІЗ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШПЕЙМІЗ – ОРАЛАМЫЗ


    Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских латын әліпбиі өз тілін білмейтін қазақтарға қазақ тілін үйренуге керемет мүмкіндік екенін айтты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
    «Елбасымыздың бастамасына сәйкес халқымыздың салт-дәстүрін жаңғыртатындай үлкен бағыттар берілді. Оның ішіндегі ең үлкен жұмыстың бірі — латын әліпбиіне көшу.
    Біз латын әліпбиіне көшпейміз — ораламыз.
    Себебі, өздеріңіз білетіндей, 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін біз латын әліпбиін пайдаланып келдік. Алайда белгілі саяси себептермен кирилл қарпіне ауыстық. Қоғам осы талқылаудың аясында бірікті.
    Әліпбидің екінші нұсқасын алғашқысынан гөрі қолдаушылардың басым екенін бақылап отырмыз. Бәрі де бірте-бірте орындалады. Сондықтан, ортақ жұмысты бірлесіп, жұмыла шешкен оңай деген ойдамын», — дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Астанада өткен «Жаңа әліпби — жаңғыру жолы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде.
    Геннадий Шиповскихтің айтуынша, тоқсаныншы жылдардағы қиын кезеңдерде әліпбиді ауыстыру жұмысын көпшілік ойлай қойған жоқ. Себебі, дәл сол кезде Қазақстанның алдында заманның өзге де талаптары тұр еді.
    «Алайда 25 жыл өткен соң дәл осы кезеңде әліпбиді ауыстыратын уақыт келді дегенге кәміл сенемін. Әр адам Қазақстанда қазақтың жерін басып жүргеннен кейін қазақ тілін білуі керек. Ешбір тілді шеттетпейміз. Қазақ бола тұра қазақ тілінде сөйлей алмайтындар да баршылық. Латын әліпбиі өз тілін білмейтін қазақтарға қазақ тілін меңгеруде керемет мүмкіндік деп ойлаймын. Сенат Төрағасы айтып өткендей, бұл тұрғыда қоғамның пікірін ескеруіміз керек. Себебі, ақылдасып пішкен тон келте болмайды», — дейді Геннадий Шиповских.

08 қараша 2017 ж. 225 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области