Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ДЕНСАУЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЛІМ-ЖІТІМДІ АЗАЙТТЫ

«ДЕНСАУЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЛІМ-ЖІТІМДІ АЗАЙТТЫ


    «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру бағытында   қатерлі ісіктер;  жарақаттар; жүкті әйелдер мен перинаталдық кезеңнің патологиялары бойынша аурушандық, осы сырқаттарға көрсетіліп жатқан медициналық  көмек сапасы, оның толықтығы және ресурстар жағдайы   бағаланып, жол карталары бекітілді.
     Ол үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге шамасында қаржы бөлініп, 150 медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.     
    Сондай-ақ, 1- деңгейдегі  бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында (БМСК)  барлық 5 бағыт бойынша 89 мамандандырылған кабинет ашылды.
    Бұған қоса 2-деңгейде - ауыр экстрагенитальді аурулармен босанғандар мен жарақаттанғандарға, инсульт алған науқастарға оңалту жұмыстарын жүргізу мақсатында реабилитациялық және қайта қалпына келтіру бөлімшелері ашылды. Барлық аудандық ауруханаларда ауданаралық травматологиялық бөлімшелерді медициналық құрал- жабдықтармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
    Қатерлі ісікке шалдыққан ауыр науқастардың өмірін ұзарту, күтуге бағытталған паллиативтік көмек көрсету үшін онкология орталығында 30 төсекке паллиативтік бөлімше ашылып  (хоспис) және 7 аудандық ауруханаларда арнайы 35 төсек-орын бөлінді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде,  9 айда жіті миокард инфарктінде аурушандық көрсеткіші  8,7 пайызға төмендеді.

06 қараша 2017 ж. 707 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области