Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРАЛДА ЖАС МҰҒАЛІМДЕРДІҢ СЛЕТІ ӨТТІ

АРАЛДА ЖАС МҰҒАЛІМДЕРДІҢ СЛЕТІ ӨТТІ


    Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназияда «Заманауи педагог-жаңашыл тұлғаны қалыптастырушы сәулеткер» атты тақырыпта жас мұғалімдердің аудандық слеті өтті.
    Білім саласындағы үздік жастардың басын қосып, педагогикалық қызметте кездесетін мәселелерді оңтайлы шешу бағытында кеңестер беруді көздеген слетке облыстық кадрлар біліктілігін арттыру институтының оқытушысы С.Құсейінов, облыстық оқу орталығының жалпы орта білім беру бөлімінің меңгерушісі Г.Смағұлова және «Педагогикалық шеберлік орталығының» Қызылорда қаласы бойынша филиалының тренері Г.Жақсылықова, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жас мұғалімдер қатысты.
    Слеттің ашылу салтанатында сөз алған аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Жанназарова жас мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыруда тәжірибенің маңызы ерекше екендін атап өтіп, жас мамандардан жаңашылдық пен ізденіс күтетінін жеткізді.
    Жиынға қатысушылар алдымен қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады. Осыдан кейін дәрістер мен топтық жұмыстарға кезек келді. Бұл бағытта Қызылорда облысы бойынша кадрлар біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Серік Құсейіновтің «Оқытудың жаңа технологияларын сабақта қолданудың ерекшеліктері», «Педагогикалық шеберлік орталығының» Қызылорда қаласы бойынша филиалының тренері Г.Жақсылықованың «Жаңаша білім беру мазмұнын жоспарлау критериалды бағалау негіздері» атты дәрістерінің жас мамандарға берері мол болды.
    Слетте топтық тренингтер мен жаңашылдық бағыттағы аудан ұстаздарының дәрістері ұйымдастырылды.
    Шара аясындағы «Жырың болып төгілейін» атты поэзия кеші мұғалімдер арасында сөз өнерін серік еткен жастардың қатары мол екенін байқатты. Сондай-ақ, жас мұғалімдер жастар эстафеталық жарыстарға да қатысып, салауатты өмір салтының насихатшысы екендігін танытты.





03 қараша 2017 ж. 543 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области