Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖҮРЕГІҢІЗГЕ АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ТЕМЕКІ ЖҮРЕККЕ ЗИЯН

ЖҮРЕГІҢІЗГЕ АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ТЕМЕКІ ЖҮРЕККЕ ЗИЯН

Шылымқорлық – адамзат арасында кең таралған зиянды әдеттердің бірі. Бүгінгі таңда дүниежүзінде 1 миллиардтан астам адам тұрақты түрде темекі шегеді. Статистикаға сүйенсек, 2013 жылы әлемде шамамен 7,5 миллион тонна темекі өнімі өндірілген, ал 2014 жылы адамдар 5 триллион қорап темекі тұтынған. Бүгінде әлемдегі әрбір төртінші еркек никотинге тәуелді. Ал, әр тоғызыншы әйел шылымды серік еткен.
Зерттеулерге қарағанда, темекі түтінінде 4 мыңнан астам химиялық зат бар. Оның кем дегенде 250-і денсаулыққа зиянды болса, 50-ден астамы қатерлі ісік тудырады. Сол себепті темекіні тартпаса да, шылымқордың қасында жүретін адамдар үшін жүрек-қан тамыры, тыныс жолдары ауруларына, өкпе, өңеш, асқазан т.б. обырына шалдығу қаупі жоғары.
Жалпы, шылымқорлықтың экономикалық салмағы да өте ауыр. Жыл сайын темекіге жұмсалатын шығын 1,4 триллион долларды құрайды. Бұл ғаламдық ІЖӨ-нің 1,8 пайызына тең. Ал, темекіден туындайтын ауруларды емдеуге жыл сайын шамамен 422 миллион доллар бөлініп отырады.
Әлем бойынша 37 мемлекет қана темекіні жарнамалауға тыйым салса, тағы 32 ел салықты көбейткен. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысы бойынша облыстық наркология орталығы кәмелет жасына толмағандар арасында нашақорлықты ерте анықтау және алдын алу мақсатында, облыстық білім басқармасы мен ішкі істер департаментімен 2018 жылға арналған бірлескен жоспар бекітілді.
Қызылорда облыс әкімімен бекітілген «Есірткісіз болашақ!» Жобаға сәйкес, облыс орталығындағы колледж студенттері мен жоғары сынып мектеп оқушылары арасында, тест-тілімше арқылы профилактикалық тексеру шаралары өткізілді. Аталмыш шара облыстық білім басқармасымен бірлісіп атқарылды.
Осы жылдың 26 сәуір мен 18 мамыр аралығында наркология орталығының мамандары Қызылорда қаласындағы 19 колледж және 58 орта мектепттің ата-аналары арасында кездесу ұйыдастырып, профилактикалық шараның маңыздылығы тұсіндіріліп, нәтижесінде олардың келісімі алынды. Облыстық білім беру басқармасынан профилактикалық тексеруден өткізілетін колледж студентері мен мектеп оқушыларының саны белгіленіп, тізімдері алынды. Тізім бойынша – 9000 ер бала өткізу жоспарланды.
Қызылорда қаласындағы 19 колледж студенттері және облыстық білім басқармасына қарасты 3 орта мектептің оқушыларына профилактикалық наркотест тілімшелері өткізілді. Жалпы, осы оқу орнындағы 3227 студент пен оқушының 3207-і тексеруден өтті (99,4%). Қалған 20 оқушы дәлелді себептермен өткен жоқ, бірақ жоспарлы түрде өтеді. Тексеру барысында есірткі қолданған студентпен оқушылар анықталмады.
Облыстық білім басқармасының ұсынысы бойынша 5773 мектеп оқушыны профилактикалық тексеруден, оқу жылының аяқталуына сәйкес, 2018 жылдың қыркүйек айына қалдырылды.
Сонымен қатар жоспарға сәйкес наркология орталығының мамандары «Арылу» қоғамдық қорының еріктілерімен бірлесіп, білім беру ұйымдарында 41 мектепте дәріс оқып, 52 рет семинар-тренингтер ұйымдастырылып, «Qyzylorda» телеарнасында жаңа «Нашақорлық және синтетикалық есірткілік заттар» тақырыбында, нарколог-дәрігердің тікелей эфирден сұхбаты берді.
Қолжетімді профилактика
Зиянды әдеттермен күресіп, өз денсаулығын күту әркімнің өз қолында. Бүгінде шылымқорлыққа қарсы күрестің түр-түрі бар. Біреу тәуелділіктен арылу үшін никотин пластырь тағады, біреу топ құрады, енді біреу ынталандыратын кітап оқиды. Мамандар пікірінше, адам темекіге тәуелділіктен қанша ерте арылса, соншалықты ұзақ өмір сүреді. Ал, денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүру үшін профилактикаға ден қойған жөн.
Көптеген адамдар ауруы асқынбайынша дәрігерге қарала қоймайды. Бірде уақыттың тығыздығы қолбайлау болса, бірде өз-өзін емдеп, әне-міне басылар деген үмітпен жүріп қалады. Өкінішке орай, адамның басты капиталы - денсаулығының қадірін білмеудің соңы қайғылы жағдайларға душар етіп жататынын ескере бермейміз.
Ресми статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың көпшілігі дәрігерге созылмалы ауыр науқастармен немесе дерті әбден асқынып кеткеннен кейін ғана жүгінеді. Жыл сайын ауруханаға түсетін пациенттердің 68 пайызы немесе 2 миллионға жуығы шұғыл жағдайда жеткізілгендер. Бұл Қазақстанда ауруханаға түскен әрбір оныншы адамның өмірі қыл үстінде тұр деген сөз.
Жалпы, елімізде өлім-жітім көрсеткіші жағынан қан тамыры аурулары көш бастап тұр. 2017 жылы одан 32 мың отандасымыз көз жұмған. Екінші орынды тыныс жолдары аурулары иеленсе, үшінші орында - қатерлік ісік тұр. Бұлардың үшеуі де темекі шегу салдарынан пайда болатын аурулар.
Дегенмен, мұның да алдын алуға болады. Ол үшін жыл сайын ішкі ағзаларды тексертіп отыру қажет. Шылымқорлар үшін жүрек пен өкпені бақылауда ұстаудың маңызы зор. Мемлекет те азаматтарға көмек ретінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін ұсынып отыр. Аталған пакетке жалпы практика дәрігерінің қабылдауы мен кеңесі, көздің көру қабілеті мен қысымын тексеру, қандағы холестерин мен глюкоза мөлшерін тексеру, электрокардиограмма, флюорография мен спирография жасатуға болады. Осы процедуралардың қай-қайсысы да ағзада шылым салдарынан болған өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
Соның арқасында мемлекеттік тапсырысты орындауға ниет білдірген жеке меншік клиникалар қарасы көбейді. Нәтижесінде қазір Қазақстан бойынша 1463 емдеу мекемесі халыққа тегін медллициналық қызмет көрсетіп жатыр. Көмекті тіркелген мекен-жайға қарасты емханада ғана емес, жеке меншік клиникаларда да алуға болады. Өкінішке орай, мұны көпшілік біле бермейді. Тағы бір айта кетерлігі, тегін қызмет көрсететін жеке меншік клиникалар тек Астана мен Алматы сынды ірі қалалармен қатар Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында да баршылық.
Сақтандыру шаралары мен ерте диагностика қатерлі ісік пен жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алуға көмектесіп қана қоймай, республикалық бюджеттен жұмсалатын шығынды да қысқартуға көмектеседі. Себебі жоспарлы ем шұғыл медициналық көмектен әлдеқайда арзан. Мәселен, жүректегі қан тамырларын шунттау операциясы жоспарлы түрде жасалғанда 1,8 миллион теңгеге түседі. Ал, дәрігерге уақтылы қаралмаған науқасқа шұғыл көмек қажет болғанда ота құны 2 есеге артады.
 

Бахыт ИСМАХАНБЕТОВ,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры

11 маусым 2018 ж. 537 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области