Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ИЛЬЯ ИЛЬИН: ҚИЫН СӘТТЕ СЫНАҚҚА ШЫДАЙ АЛМАДЫҚ

ИЛЬЯ ИЛЬИН: ҚИЫН СӘТТЕ СЫНАҚҚА ШЫДАЙ АЛМАДЫҚ


    Қазақстандық танымал зілтемірші Илья Ильин некедегі әйелі Наталья Кулаковамен қалай ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Mens Health Kazakhstan басылымына сілтеме жасап.
    «Біз осыдан бір жылға жетер жетпес уақыт бұрын ажырастық. Бірақ ажырасу туралы құжат жақында келді. Біз 12 жыл бірге болдық. Бір-бірімізді жақсы көрдік. Қызымызды тәрбиелеп отырмыз. Алайда ең қиын сәтте сынаққа шыдай алмадық. Біздің арамызда бұрын да келіспеушіліктер болған. Бірақ қиындақтарды бірге жеңетінбіз. Алайда соңғы уақытта бұған шыдау мүмкін болмай кетті. Маған да ауыр, Наталияға екі есе ауыр тиді. Мұны өте жақсы түсінемін. Екеуміз қатты ұрысып қалдық. Ол үйіне кетіп қалды. Мен де оған шыдай алмадым. Кейін ажырасуға өтініш бердім. Бұл әрекетімізді эмоциямен жасадық. Бірақ қазір мен осылай жасауға мәжбүр болғанымды түсініп отырмын. Іштей әлі реніш бар. Әзірше біз араласпаймыз», - дейді Илья Ильин басылымға берген сұхбатында.
    Естеріңізге сала кетейік, Наталья Кулакова – гандболдан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия ойындары мен Азия чемпионатының қола медаль жүлдегері.
    Илья мен Наталья 2012 жылдың 9 қыркүйегінде ресми түрде некелерін қиған. Олардың Милана есімді қызы бар.
    Айта кетейік, қазақстандық танымал спортшы осымен екінші рет ажырасып отыр. Ол осыған дейін бұрынғы Олимпиада чемпионы Светлана Подобедоваға үйленген.

02 қараша 2017 ж. 335 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области