Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 1901 ЖЫЛЫ ЖАСАЛҒАН САҒАТ ӘЛІ ТОҚТАМАЙ ЖҮРІП ТҰР

1901 ЖЫЛЫ ЖАСАЛҒАН САҒАТ ӘЛІ ТОҚТАМАЙ ЖҮРІП ТҰР

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмешіт» филиалында 2000-ға тарту құнды жәдігерлер сақтаулы тұр. Солардың бірі - жасалғанына бір ғасырдан астам уақыт өткен «Le Roi a Paris» сағаты. Француз тілінен аударғанда «Париж патшасы» деген мағынаны білдіретін бұл жәдігердің пайдаланылып келе жатқанына биыл 117 жыл толып отыр.
  Сағат әлі күнге дейін тоқтамастан жүріп тұр. Оны музейге Қызылорда қаласының тұрғыны табыс еткен. Сағат ерекше шеберлікпен құрастырылған. Бүгінге дейін толық сақталған. Кәдімгі үй жиһаздары секілді алыстан көзге түсетін асыл дүние өте мұқият жасалғаны аңғарылады.
  «Біздің қолымыздағы деректер бойынша бұл бұйым 1901 жылы жасалғаны белгілі. Сағат облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына 2003 жылғы 20 маусымда тіркеуге алынған. 2004 жылдың 15 желтоқсанынан бастап бұл сағат құнды әрі сирек жәдігер ретінде біздің музейдің экспозициясына қойылды»,- дейді филиал меңгерушісі Кенжегүл Ахметова.
  Сағатты жасаушылар шикізат ретінде қызыл ағашты қолданған. Сағаттың биіктігі - 1 метр, ені - 36 сантиметр.
Мұндай дүниелер өткен ғасырдың алғашқы кезеңінен бастап Германияда шығарыла бастаған.
28 мамыр 2018 ж. 965 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области