Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ БАСЫМДЫҚҚА ИЕ

КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ БАСЫМДЫҚҚА ИЕ


          Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қарашадағы №569 Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ  тілі әліпбиінің бекітілуіне байланысты жиын өткізді.  
           Жиында  кітапхана директоры К.Қаниева сөз алып латын әліпбиіне көшу мәселесінің Тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай көтеріліп келе жатқанын жеткізді. Елбасы 2006 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында да осы мәселеге қайта оралу керектігімізді айтып, сәулелі болашаққа жол салған еді.
         Латын қарпі – руханиятты жаңғыртудағы басты қадам. Осы арқылы біз түбі бір түркі жұртына жақындай түсеміз. Оның үстіне әлем халықтарының 80 пайыздан астамы қолданатын қаріп коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие.   
       Кітапхана ұжымы жаңа бастаманың осы жағын баса айтып, оны қолдайтындықтарын білдірді.

01 қараша 2017 ж. 514 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области