Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ КАРТАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ КАРТАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ


    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштері туралы ақпарат беретін Картаны іске қосты. Аталған жаңа құрал жұмысымен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ сайтында танысуға мүмкіндік бар enbek.gov.kz.
    «Әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштерінің картасын» жасаудағы басты мақсат – халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі көрсеткіштерінен ақпараттандыру, жұмыс істейтін халықты қосымша әлеуметтік қолдау бойынша  өз құқықтары мен мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндіру  болып табылады», - деді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының президенті Сауле Дүйсенова
    Картада міндетті әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік аударымдардың сомасы, сондай-ақ, әлеуметтік төлем алушылар саны, аударымдардың орташа мөлшері мен жалпы сомасы туралы мәлімет жинақталған.
    Бұл ақпараттық қызмет мемлекеттік органдар мен  жұмыс берушілерге, сонымен бірге азаматтарға да қажет. Бүгінгі таңда Карта еліміздегі әрбір аудан орталықтары бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы негізгі мәліметтерімен танысуға мүмкіндік береді.
    Картаны жетілдіру жұмыстары әлі де жалғасын тауып,  одан әрі өзекті көрсеткіштермен толықтырылатыны көзделіп отыр.

17 қазан 2017 ж. 517 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области