Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛЕР АШЫҚ ПІКІР АЛАҢЫНДА БАС ҚОСТЫ

КӘСІПКЕРЛЕР АШЫҚ ПІКІР АЛАҢЫНДА БАС ҚОСТЫ


    «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен ашық пікір алаңында бизнес ортаны жақсарту және кеңейту мәселесі талқыланды.
    Шараға «Нұр Отан» партия Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов, Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов, Қызылорда қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жанмұрат Сейілов, «Жабдықтау» директоры Алтынбек Сүйінтаев, Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандары, кәсіпкерлер және жастар қатысты.
    – Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында ел дамуына ерекше үлес қосатын кәсіпкерлік саласына үлкен басымдық беріп отыр. Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету. Оны орындау үшін түрлі қадамдар жасалуы қажет. Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек, - деп атап өтті Шәріп Әбдірахманов.
    Сондай-ақ қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елбасы Жолдауындағы бизнесті дамытудағы жеңілдіктерге тоқталды.
    «Елбасы өзінің биылғы жылғы халыққа Жолдауында микрокредиттер көлемін 16 млн теңгеге дейін ұлғайтуды жүктеді.Бұл өз кезегінде отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға жасалып отырған мүмкіндік. Екіншіден, бизнес ортаны жақсарту және кеңейту жөнінде фискалды орган өкілдері алдына бірқатар міндеттер қойды. Осының нәтижесінде биылдан бастап жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу жеңілдетілді.
    Жиын барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары аясындағы жұмыстарға тоқталып өтіп, қаржының игерілуіне тоқталды.
    «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өңірімізде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы барлығы 779,619 млн. теңге бөлінді. Осы  қаражаттар негізінде 2035 жұмыс орны сақталып, сондай-ақ 371 жаңа жұмыс орнын құру жөнінде міндеттемелер алынды. Қазіргі таңда тиісті компоненттер бойынша қаражаттар мақсатты иегерілуде.  
    Кездесу барысында кәсіпкерлер еркін - пікір алмасып, бизнес жолында бастарынан өткен қиындықтарға және жеткен жетістіктеріне де тоқталып өтті.

01 қараша 2017 ж. 348 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области