Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Елбасы Н. Назарбаевтың «Халықтың денсаулығын нығайту мемлекеттің бірінші кезеңдегі атқаратын шараларының бірі екендігін «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасында атап көрсеткені баршамызға белгілі. Қазақстан азаматтарының денсаулығына әсер ететін барлық факторлар жан-жақты қарастырылған бұл бағдарламаның басты мақсаты-халықтың денсаулығын сақтау.
  Осы орайда, «Жастар денсаулық» орталығының мамандарының қатысуымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Зиянды әдеттер және олардың алдын алу» атты ақпаратты кеңес беру шарасы ұйымдастырылды.
  Мақсаты өскелең жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын зиянды әдеттерден аулақ ұстайтын, саналы ұрпақ болып өсуіне ықпал жасау.
  Шара барысында «Жастар денсаулығы орталығы» қоғамдық денсаулық дәрігері М.Бахытқызы, валеолог Г.Айтмағанбетқызы қатысушыларға зиянды әдеттер: шылымның, алкогольдің, есірткінің адам ағзасына зияны, олардың әсерінен қандай аурулар туындайтыны, алдын алу жолдары туралы ақпараттар берді.
  Сонымен қатар қатысушылар салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулық арқылы үлкен жетістіктерге жету жолдарына бағыттайтын белгілі спортшылар жайлы, емдік дене шынықтыру, тазалық гигиенасы, дұрыс тамақтану т.б туралы «Салауатты өмір-жарқын болашақ» атты кітап көрмесі мен танысты.                                     

16 мамыр 2018 ж. 109 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области