Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Сырдария ауданында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Сыр елі және ХХІ ғасыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаз, қатысушылары жастармен «Public Talks» форматында кездесті.
   Оған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы аудармашы, педагог-психолог Сымбат Әбдірахманова, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы, А.Нобель атындағы медальдың иегері Нұрбол Аппазов және Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен «Жас ғалым» халықаралық жобалар байқауының жеңімпазы Дінмұхамед Ақпан қатысты.
  «Public Talks»-те бірнеше тілді меңгерген Сымбат Әбдірахманова қаржы қажет етпейтін жобаларды жүзеге асырудың жолдарын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Балалардың танымдық әрекетін дамытатын мультфильмдер дайындап жүрген Сымбат Нұртазақызы өз туындылары жайында да сөз қозғады.
  Ғылым жолында жүріп, биік белестерді бағындырған Нұрбол Аппазов бүгінде Қорқыт ата атындағы ҚМУ базасында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруымен жүргізілетін ғылыми жобаларға жетекшілік жасайды. Ресей Жаратылыстану Академиясынан өнертабысты дамытқаны үшін А.Нобель атындағы медальды кеудесіне таққан жас ғалым жастарға ғылым саласындағы жаңа, заманауи мүмкіндіктер жайында айтып берді. Ал келешек ғылым саласында өзіндік қолтаңбасын қалдыратын, болашағынан үлкен үміт күттіретін Дінмұхамед Ақпан замандастарына тың жобалары жайында әңгімеледі. Заман көшінен қалмай, әр адам үнемі өзін дамытып, жетілдіріп отыру керектігін айқындап, өз тәжірибесімен бөлісті.
  Шара нәтижесінде жастар білім-ғылым саласында жетістікке жетіп, өз істерінің шебері атанған кейіпкерлермен ашық әңгімелесе отырып, болашаққа бағдар алды.

05 мамыр 2018 ж. 864 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области