Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА МЕН ИРАН ІСКЕРЛЕРІ ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА МЕН ИРАН ІСКЕРЛЕРІ ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСАДЫ


    Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегацияның Иран Ислам Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында екі елдің кәсіпкерлік саласындағы Палаталары әріптес болып, ынтымақтаса жұмыс жасауға келісті.
    Атап айтқанда, Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов пен Гулистан провинциясының сауда-өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы палатасының вице-президенті Оразджон Шомали экономикалық ынтымақтастықты – екі ел арасындағы интеграцияның негізгі қозғаушы күші ретінде тани отырып, тиімді әріптестікке негізделген қарым-қатынастарды нығайту және дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
    – Бұл меморандум арқылы қос елдің Палатасы инвестиция, тауарлар мен қызметтер саудасын кеңейтуге, бір-бірімізбен кәсіпкерлік саласында тәжірибе алмасуға келістік. Мұнан өзге, сапар барысында біздің «Сыр маржаны» ЖШС мен «Ақтөбе және К» ЖШС-і Иранға ет, күріш жеткізетін болып бірнеше сол елдің кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізді,- дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.
    Айта кету керек, ет комбинатын салу мақсатында «Сыр маржаны» ЖШС бүгінде Иран Ислам Республикасының «Tavooni Faragir Inche Boroun Co» компаниясымен келісімге келіп, ет комбинатының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу үстінде. Сондай-ақ, осы компаниямен жасалған келісімдерге сәйкес биыл, қаладағы «Күшімбаев Агро» ауыл шаруашылығы кооперативі «Tavooni Faragir Inche Boroun Co» компаниясына 812 бас қозыны экспортқа шығарды.
    Биыл біздің диқандарымыз Иран Ислам Республикасына «Торем Хошеми» сортынан 60 тонна күріш экспорттайды деп жоспарлануда. Ал 2020 жылға қарай ирандық күріш алқаптарын облыста 5 мың гектарға дейін ұлғайтып, экспорт көлемін 8 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

31 қазан 2017 ж. 622 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области