Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРНАУЛЫ ОРЫНДАҒЫ АРНАЙЫ ШАРА

АРНАУЛЫ ОРЫНДАҒЫ АРНАЙЫ ШАРА

Өзіне өзі қол салу әрекеті – адамдардың саналы түрде өз өмірін қандай да бір жолдармен қиюға бағытталған, соңы өлімге әкеліп соқтыратын күрделі мәселелердің бірі. Суицидке адамдар көбінесе қатты қажып, шарасыздықтан шаршап, қиын бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелгенде немесе отбасы мүшелерімен түсініспеушілік орын алған жағдайда барады. Ал өмір сүрудің маңызы мен қиындықтарды жеңе білу жолында айналаңдағы адамдардың, сондай-ақ психолог-мамандардың атқаратын қызметі маңызды.
  Осы орайда, Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің психолог-мамандарының ұйымдастыруымен мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтарға «Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
  Өмірде шалыс қадам басып, қасақана немесе жазатайым жағдайда қылмыс жасап, темір торға тоғытылған азаматтардың өмірден түңілмей, әрі қарай өмір сүруге сенімін қалыптастырып, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында ұйымдастырлыған шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы, академиялық доценті Сәндігүл Құлаханқызы қатысты. Педагог ғалым «Өмірге деген құштарлықты арттыру» тақырыбында баяндама жасаса, психолог мамандар тренинг-жаттығулары жүргізді.
Өмірге деген құлшынысты арттыруға бағытталған шара соңында жаза мерзімін өтеушілер өмір сүрудің маңызы жайында бейнефильмдер тамашалап, шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

Ш.КӨЛБАЕВА,
Қызылорда облысы
ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің
САТЖЖ бөлімінің
маман-психологы









19 сәуір 2018 ж. 293 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области