Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯ ЕТТІ

САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯ ЕТТІ


    Бүгін облыс әкімдігінің баспасөз орталығында брифинг өтіп, онда 2017 жылғы 29 қазандағы облыс аумағындағы мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына өткізілген сайлаудың қорытындысы жария етілді.
    Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісовтің айтуынша сайлау Қармақшы, Сырдария және Шиелі аудандарында  өткізіліп, оған 1 облыстық, 3 аудандық аумақтық және 4 аудандық, округтік, 7 учаскелік сайлау комиссиясы қатысты. Сайлаушылар тізіміне енгізілген 12886 сайлаушының 8114-і  немесе 66,04%  дауыс беруге қатысты.  
    Дауыс беру нәтижесінде Қармақшы аудандық мәслихатына №4 «Сырдария» сайлау округі бойынша «Нұр Отан»  партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Боханов Дастан Әбдібекұлы, №6 «Теміржол»  сайлау округі бойынша Қармақшы аудандық ауруханасы  бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасары Нысанбаев Бақытжан Сағилатұлы депутат болып сайланды.
    Сырдария  аудандық мәслихаты депутаттарының қатары да №5 «Ә.Тәжібаев»  сайлау округі бойынша халық қалаулысы атанған аудандық жұмыспен қамту  және әлеуметтік  бағдарлама бөлімінің басшысы Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлымен толықты.
    Сондай-ақ, №10 «Көкшоқы» сайлау округі бойынша №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп директоры Сыздық Болат Мүбәрәкұлы Шиелі аудандық мәслихатының депутаты атанды.
    Брифингте сайлау комиссиясының хатшысы Аягөз Сырлыбаева мен комиссия мүшесі Қожамжар Наурызбаев дауыс  беру мен дауыстарды санау кезінде сайлау комиссияларына арыз-шағым түспегенін айтып өтті.

30 қазан 2017 ж. 634 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области