Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАРДЫҢ ТАРТУЫ

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАРДЫҢ ТАРТУЫ


    Күз айы қашаннан тоқшылық пен молшылықтың мезгілі.
    Егіс даласында ала жаздай білек сыбана еңбек еткен егіншілер қоңыр күзде еткен бейнетінің зейнетін көріп, рахатқа кенеледі. «Көктемнің бір күні – жылға азық» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Қырманда тау болып үйілген Сыр салысы – ел несібесі. Алтын дән бітік шығып, алтын астықты қамбаға молынан құйған аудан еңбеккерлері жаз бойғы еңбектерінің нәтижесін қызылордалықтарға да паш етті.
    Бүгінгі жәрмеңкеде 65 көліктен жалпы құны 12 млн 175000 мың теңгені құрайтын 111 тонна ауылшаруашылық өнімдері сатылды. Соның ішінде 2 тонна балық, 2 тонна ет, 25 тонна күріш, 8 тонна көкөніс, 5 тонна картоп, 18 тонна мал азығы, 15 тоннадан қауын-қарбыз, тағы басқа барлығы 14 түрлі ауылшаруашылық өнімі ұсынылды.
    Жәрмеңкені облыс әкімі Қ.Көшербаев аралап, халыққа ұсынылған өнімдердің сапасы мен бағаның тұтынушыларға қолжетімділігін тексеріп шықты.
    Жәрмеңкеде сапалы өнімдерге қойылған тиімді бағалар мен арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарлама жәрмеңкеге келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

30 қазан 2017 ж. 631 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области