Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҚЫШЕВ ТЕҢГЕНІҢ АУЫТҚУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА КЕҢЕС БЕРДІ БҮГІН

АҚЫШЕВ ТЕҢГЕНІҢ АУЫТҚУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА КЕҢЕС БЕРДІ БҮГІН

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қазақстандықтарға валюта нарығына қатысты ойланбай шешім қабылдамауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысынан кейін БАҚ сұрақтарына жауап бере келе айтып берді. Ұлттық Банк басшысы соңғы күндері айырбастау бағамының ауытқығанын атап өтті.
  "Нәтижесінде Ресей рублінің әлсіреуі аптаның басынан бастап шамамен 10 пайыз болды. Ресей Федерациясы -Қазақстанның негізгі сауда әріптесі. Екі ел Еуразиялық Экономикалық Одақтың қатысушылары болып табылады. Бұл екі елдегі процестердің өзара тәуелділігін білдіреді. Нәтижесінде теңге екі күн (9 және 10 сәуірде) ішінде 1,8 пайызға әлсіреді", - деп хабарлады Ақышев.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Қазақстан мен Ресейдің ұлттық валюталарының әлсіреу қарқынындағы айырма, біріншіден, Қазақстанға АҚШ санкцияларының қолданылмайтынына байланысты екендігін атап өтті. Екіншіден, Ақышевтың айтуынша, Ресей рублі теңгеге әсер ететін маңызды, бірақ жалғыз фактор емес.
  "Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері тұрақты. Мұнайға баға бір баррель үшін 70 АҚШ долларын құрайды. Экономикалық өсу қарқындары жоғары. Төлем балансындағы ахуал жақсаруда. Инфляция нысаналы дәліз шегінде. Әлемдік шикізат нарықтарында тұрақтылық болған жағдайда Қазақстан экономикасы үшін тәуекелдер шамалы деп бағаланады. Үшіншіден, Қазақстан қор нарығының Ресей нарығымен салыстырғанда өтімділігі жоғары емес. Оның жаһандық қаржы нарықтарына ықпалдасуы аз. Тиісінше, Қазақстан мен Ресейдегі ахуал әр түрлі", - дейді Ақышев.
  Сонымен қатар, банк төрағасы АҚШ-тың немесе басқа елдердің Ресейге қатысты ықтимал әрекеттерінен Ресейдің қаржы нарығында шиеленістің жалғасуы ықтимал екендігін айтты. Бұл қысқа мерзімді болашақта теңгенің құбылмалылығын сақтауға апарады.
  "Қазақстанның барынша жақсы макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, теңгенің құбылуы әлсіреу жағына да, нығаю жағына қарай да орын алуы мүмкін. Бағамның ағымдағы құбылмалылығының нарықтық және психологиялық сипаты бар. Айтарлықтай ауытқу кезеңінде активтерді шұғыл ауыстыру кейіннен едәуір шығындарға апаруы мүмкін", - деп қорытындылады ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы.



11 сәуір 2018 ж. 155 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области