Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛЕР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

КӘСІПКЕРЛЕР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА


    «Атамекен» ҰКП жанынан құрылған  «Біліктілік орталығы» ЖШС Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірге ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің  кәсіби біліктілігін көтеруге арналған шараларды жалғастыруда.
    Орталықтың бұл жолғы семинарда қамтитын тақырыбы «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен көлемін арттыру мақсатында Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту» деп аталады.
    Семинарда кооператив басшылары мен мүшелерінен өзге ауылдық округ, аудан әкімдерін де оқыту көзделуде.
    Бүгінгі күнге дейін семинар Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында өтті. Алдағы күндері төмендегі кестеге сәйкес өзге де аудандар мен Қызылорда қаласында өтеді деп жоспарлануда:
    - 30.10.2017 ж. Жалағаш ауданында;
    - 31.10.2017 ж. Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтерде;
    - 02.11.2017 ж. Сырдария ауданында;
    - 03.11.2017 ж. Шиелі ауданында.
    Семинарда дәрісті біліктілік орталығының сарапшылары Нұрадин Әлібаев пен Айтуған Шәріпұлы және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Дәулет Ғаниев жүргізеді.  
    Семинарға қатысты сауалдарыңыз болса Кәсіпкерлер палатасының жауапты маманы Алма Пірмановаға хабарласуға болады. Тел.: 8 /7242/ 40-09-81.
    Қызылорда облысы
    кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

30 қазан 2017 ж. 410 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области