Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРДАГЕРЛЕР БАЛЫҚ АУЛАП ЖАРЫСТЫ

АРДАГЕРЛЕР БАЛЫҚ АУЛАП ЖАРЫСТЫ


    Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2020 жылға дейін спортпен белсене шұғылданатын жұртшылық санын 30% жеткізу міндетін қойып отыр.
     Жасөспірім болсын, ересек адам болсын спортпен шұғылданамын дегендерге ешкім шек келтірмейді. Жүріп отырған еңбек жолдары кейінгіге үлгі-өнеге болған ардагерлердің денсаулығын жақсартуға жəне сақтауға, көңілдерін көтеруге көп көңіл бөлінуде.
    Осыған орай "Шиелі-Самғау Жастар Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен "Балық аулау - ғанибет, қармақ салу - қабілет" атты балық аулаудан екінші рет кент жəне ауылдық округ ардагерлерінің қатысуымен жарыс өткізілді. Балық аулауға арналған аспаптарын асынған ардегерлер таңертең "Ардегерлер үйі" алдына жиналып, арнайы əзірленген көлікпен Ақмая ауылдық округі "Ел-1" каналына жолға шықты.
    Өткізілген жарыста "Шиелі-Самғау" жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Аружан Дүйсебаева құттықтау сөзін айтып, игі тілегін білдіріп, шараны ашып берді. Канал бойына ретік саны белгіленген тақтайшаларға жарысқа қатысушылар жеребе тастау арқылы орналасты. Қатысқан 12 ардагердің арасынан 1 орынды Таубаев Мəлікəждар иеленсе, 2 орынды Оспанов Əуез, 3 орынды Шəмшиев Қалдан ұтып алды.
    Сонымен қатар қалған барлық қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хатпен жəне сыйлықпен марапатталды. Ұйымдастырушыларға аудан ардагерлері өз алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.


17 қазан 2017 ж. 603 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области