Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІЛІКТІ ӘЛЕУЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІЛЕРДІҢ ТІЗІЛІМІ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУДА

БІЛІКТІ ӘЛЕУЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІЛЕРДІҢ ТІЗІЛІМІ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУДА


    Жыл өткен сайын мемлекеттік сатып алу заңнамасына  көптеген өзгерістер енгізіліп, жетілдірілу үстінде. Осы орайда, кәсіпкерлерге жаңа заңнамаларды түсіндіру мақсатында Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты сала өкілдері мен кәсіпкерлер қатысқан дөңгелек үстел өтті.
    Кездесуде құрылыс саласындағы компаниялардың білікті әлеуетті өнім берушілер тізілімі жайлы мәселе талқыланды.  
    Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың бірі, кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әйгерім Рақымжанова шара мақсаты жайлы айтып өтті.
     –Өткен жылғы 1 сәуірден бастап білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімі нормасы қолданысқа енді. Алайда облысымыздың құрылыс компанияларында бұл тізілімге ену үшін толық ақпарат болмағандықтан өтінімдер ұсынылмаған. Сол себепті кездесуге құрылыс саласындағы кәсіпкерлерді шақыра отырып, заңдағы артықшылықтарды түсіндірдік. Солардың бірі, келесі жылдан бастап, білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысқан кезде өздерінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды бермеуге құқылы. Тек, банкілік кепілдік ұсынса конкурсқа қатысуға автоматты түрде рұқсат алатын болады, - дейді палата сарапшысы.
    Шарада облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Талғат Исмағұлов конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №91 бұйрығына қатысты толық түсіндірме жүргізді.
    Палата бүгінгі таңда осы мүмкіндіктерді кәсіпкерлер арасында кеңінен түсінідіріп, жергілікті құрылыс компанияларын білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне қосылу жұмыстарына барынша сүйемелдеу жасауда. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

27 қазан 2017 ж. 543 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области