Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАСТАРҒА ЖАРҚЫН БАҒДАР

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАСТАРҒА ЖАРҚЫН БАҒДАР


    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Көшеней Рүстембекұлы атындағы «Жыраулар үйінде», «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің, «Жыраулар үйі» КМҚК-ның және «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен жастармен кездесу болып өтті.
    Кездесуде жыраулар үйінің маманы А.Скендиров аудан аумағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғалуы мен зерттелуі жайлы тарата айтты.  Көне тарихты тани түсуге деген талап аясында Шірік-Рабат, Сортөбе қалашықтарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерін әңгімеледі. Республикалық «Киелі жерлер картасы» тізіміне ұсынылған Қорқыт ата ескерткіш-кешені мен Марал ишан кесенелері туралы толық мағлұмат берді. Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ.Нысанбаев, №121 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары А.Қозыбақовтар да өз пікірлерін ортаға салды.
    Шараның екінші кезеңі бойынша ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, мемлекеттік жастар саясатын жүргізуге үлес қосып жүрген бір топ жастарға аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттталып, оларға Қазалы аудандық тарихи-өлкетану мұражайын тамашалауға  жолдама табыс етілді.

26 қазан 2017 ж. 1 599 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области