Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАЛ СОЮ АЛАҢДАРЫ МЕН ПУНКТТЕР ТАЛАПҚА САЙ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

МАЛ СОЮ АЛАҢДАРЫ МЕН ПУНКТТЕР ТАЛАПҚА САЙ ЖҰМЫС ЖАСАУДА


    Жыл басынан қала мен аудан орталықтарындағы базарларда 11641 мүйізді ірі қара, 1262 жылқы, 11383 уақ мал, 244 түйе ұшасы ветеринариялық сараптау зертханасынан сараптаудан өткізіліп, тұтынушыларға сатуға рұқсат етілді. Бұл туралы облыстық ветеринариялық бақылау басқармасыныңосы жылғы 9 айға жасаған қорытындысында айтылды.
    Облыс бойынша 35 мал сою алаңы және 2 мал сою пункті тіркелген, оның ішінде 26 мал сою алаңы және 2 мал сою пункті жұмыс жасап тұр. Олар ҚР АШМ 2015 жылғы 18 қыркүйектегі №7-1/832 «Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес жұмыс атқаруда.
    «Жыл басынан осы мал сою алаңдарында 8616 бас мүйізді ірі қара, 3160 бас уақ мал, 1204 бас жылқы малы 2 бас шошқа 462 бас түйе малы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес сойылды.
    ҚР АШМ 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/37 «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту  туралы» бұйрығына сәйкес 2017 жылдың 9 айында 95 ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілерге есептік нөмірлер рәсімделді,» -делінген басқарма хабарламасында.
    Облыстағы ішкі сауда объектілерін басқарманың күнделікті бақылау барысында 193 заң бұзушылық анықталып, нұсқама берілді, нәтижесінде ветеринариялық инспекция тарапынан бүгінгі таңға 10 жеке тұлғаларға айыппұл (470570 теңге) салынды.

26 қазан 2017 ж. 1 267 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области