Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАР БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕ БОЙЫНША РӘСІМДЕЛЕДІ

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАР БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕ БОЙЫНША РӘСІМДЕЛЕДІ


    Елбасы халыққа жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру және ветеринария жүйесін жетілдіру жөнінде атап айтқан болатын. Қазіргі таңда облысымызда ветеринария саласында айтарлықтай қарқынды даму байқалады.
    Ағымдағы жылы облысқа эпизоотиялық іс-шаралардың алдын алу мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 5906,0 мың доза ветеринариялық препарат, 678,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы осы жылдың 9 айын қорытындылаған ветеринариялық бақылау басқармасының мамандары хабарлайды.
    Бүгінде аймаққа 5809,2 мың доза ветеринариялық препараттар жеткізіліп, 4562,1 мың доза қолданылып, алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде.
    Сарып індетіне қарсы 301,9 мың бас МІҚ, 661,3 мың бас уақ мал тексеріліп, нәтижесінде осы ауруға шалдыққан 76 бас МІҚ, 202 бас уақ мал анықталды. Олар ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес санитарлық сойылды.
    «Қазіргі күні түлік түрлерін бірдейлендіру маңызды іс-шаралардың бірі. Үстіміздегі жылдың 1 қазанында веб-порталдық базада 289,1 мың бас МІҚ, 736,8 мың бас уақ мал, 42,9 мың бас түйе, 116,9 мың бас жылқы тіркеліп отыр.
    Ауыл шаруашылығы жануарлары мен өнімдеріне және шикізатына берілетін ветеринариялық анықтамалар «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша рәсімделуде. Үстіміздегі жылдың 9 айында барлығы 24869 дана (1-үлгі 13108, 2-үлгі 10931, 3-үлгі 830) ветеринариялық анықтамалар берілді,– делінген басқарма хабарламасында.
    Әртүрлі паразитарлық аурулардың алдын алу үшін қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жою тұрақты жүргізіліп келеді. Үстіміздегі жылы осы мақсатқа 40,9 млн. теңге бөлініп, қазіргі күні 19570 бас қаңғыбас ит пен мысық жойылды.

25 қазан 2017 ж. 711 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области