Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨРШІЛЕР ЕКІ БАЛАНЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ

КӨРШІЛЕР ЕКІ БАЛАНЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ


    Титов қыстағыны тұрғындары Бәйкен Кеңесов пен Руслан Алтынбаев  екі баланы өрттен құтқарып қалды.
    Осы жылғы 23 қазанда сағат 16:13-те Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің орталық пультіне  Новостройка көшесіндегі 9 үйден өрт шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түседі.
    – Осы күні мен үй ауласында жұмыс істеп жүрген едім,– дейді оқиға куәгері Бәйкен Кеңесов. –Түтіннің иісі сезілісімен сол үйге қарай тұра жүгірдім.   
       Бәйкен тек оқиға куәгері ғана болып қойған жоқ, көршісі Русланмен бірігіп, жалын ортасында қалып қойған балаларды құтқарып алды.
    Қою түтін будақтаған үйді көрген Бәйкен әуелі өрт сөндірушілерге хабар беріпті.  Сосын Руслан екеуі терезені сындырып ішке енгенде, жылап жатқан балалардың дауысын естиді.
    – Әуеліде қою түтіннен ештеңе байқалмады. Телевизордан көргенім бойынша өрт сөндірушілердің жасағанын қайталап, жербауырлап жата қалдым. Осыдан кейін ғана жиһаздардың сұлбасын ажыраттым. Дауыс шыққан жерді шамалап барып, екі баланы Бәйкенге ұстаттым,– дейді Руслан.
    Алапат жалыннан аман қалған Ернұр мен Ділназдың ата-анасы Бәйкен мен Русланға алғыстарын жаудырды. Қазір қос жігіт көршілеріне үйді қалыпқа келтіруге көмектесуде.
     Өртті сөндіруге жеке құрамының 13 адамы, 3 арнайы автокөлік жұмылдырылды. Қызыл жалынның лебі оншақты минутта басылды. Қазір өрттің себебі мен залалы анықталуда.


25 қазан 2017 ж. 577 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области