Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАҚЫЛАУҒА ЖАТАТЫН ТАУАРЛАР ДСҰ ТАЛАБЫНА САЙ ҚАДАҒАЛАНУДА

БАҚЫЛАУҒА ЖАТАТЫН ТАУАРЛАР ДСҰ ТАЛАБЫНА САЙ ҚАДАҒАЛАНУДА


    Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты ветеринариялық бақылауға жататын тауарларды қадағалау күшейтілді. Бұл туралы ветеринариялық бақылау басқармасы хабарлайды.
    Биылғы жылы облыс буферлік аймақтан шыққаннан соң жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдерді шет мемлекеттерге экспорттау іс-шаралары жүргізілуде. Осы жылы Иран мемлекетіне 812 бас уақ мал экспортталды.
    Облыс бойынша бұрын белгісіз болып келген 67 сібір жарасы ошағының 60 нақтыланып, жергілікті бюджеттен 47,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Ошақтар талапқа сай қоршалып, қауіпсіздік белгісі қойылды және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді. Нақтыланбаған 7 ошақты кадастрдан алу жөнінде АШМ-не ұсыныс берілді.
    Аймақта мал көмінділерінің жалпы саны 146 болса, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай 69 типтік жобада салынған. Қалған 77 қарапайым шұңқырларға типтік жобадағы мал көміндісін салуға облыстық бюджеттен жыл сайын кезең-кезеңімен қаржы бөлінуде.
    Ағымдағы жылы Қазалы ауданында (Абай, Шәкен) екі типтік жобадағы мал көміндісін салуға облыстық бюджеттен 23,5 млн. теңге бөлінді.

25 қазан 2017 ж. 480 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области