Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАҒДАРЛАМА БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША БАЙЫПТЫ ЖҰМЫС БАСТАЛДЫ

БАҒДАРЛАМА БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША БАЙЫПТЫ ЖҰМЫС БАСТАЛДЫ


    Биыл аймақта «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға 4,1 млрд. теңге бөлінді.
    Бағдарламаға қатысушы ретінде 23541 адам енгізіліп (жұмыссыздар – 96,5% (19689 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 3,4% (811 адам). Жалпы хабарласқандардың дені жастар. Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары хабарлады.
    Бірінші бағыт техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етуде еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау үшін 1515 адамды оқыту жоспарланған.
    Сонымен қатар, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен жоспар бойынша 1335 адам қамтылуы тиіс болса, оған тағы 2183 тұрғын қосылды.    
    Қысқа мерзімдік оқу курстарына 2136 жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар жолданды.
    Сонымен қатар, біздің облыста республикада бірінші болып тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейту  және бизнеспен өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында жұмысберушілердің оқу орталықтарында  азаматтарды оқыту оларға әрі қарай жұмысқа орналасуға кепілдік беру мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің ұсынысын қолдап,  жаңаша оқыту басталды.
    Бүгінгі күнге Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының іріктелген тізілімінде  6  кәсіпорын мен 8 оқу орталықтары енгізіліп, олардың базасында қызмет көрсету саласының мамандары даярлануда, 584 адам аспаз, кондитер, тігінші, шашатараз, визажист мамандықтары бойынша оқытылуда.
    Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 937 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Оқыту курстары «Бастау-Бизнес» жобасы аясында Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында 6 топ бойынша жүргізілуде. Бүгінгі күнге оқуға 832 адам жолданып, 618 адам оқуды аяқтады. Оның ішінде жобалар қорғап сертификат алғаны 578 адам, оның 183-і шағын несие алды.
    Ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында 487 адамға шағын несие беру үшін 2,3 млрд. теңге қаралды. Сырдария ауданында шағын несие 11 адамға 48,5 млн.теңге «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы филиалы арқылы берілді.
    Ауылдық жерде шағын несие 401 адамға 1659,6 млн.теңге «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ және Агрокредиттік корпорация АҚ арқылы берілді. Қосымша 222 жаңа жұмыс орындары құрылды.
    Қалалық жерлерде несие беру мәселесі бойынша екінші деңгейлі банктермен келісім алынып, қаржыларды отырғызу жұмыстары жүргізілуде («Халық банкі АҚ», «Банк Центр Кредит»АҚ, «АТФ банкі» АҚ).
    Бағдарламаның үшінші бағыты  халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды көздейді.
    Халықты жұмыспен қамту шараларымен 16246 адам қамтылды, соның ішінде 8827 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
    Әлеуметтік жұмыс орындарына 247 мекеме, кәсіпорынға  726 адам жолданды, олардың ішінде мерзімі аяқталған 210 адамның 67-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Орташа жалақысы айына 65 мың теңге.

25 қазан 2017 ж. 447 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области