Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ


    Жалағаш аудандық сотының төрағасы Асылхан Мизанбаев пен Жалағаш аудандық архиві коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жанғабыл Ибраев өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
    Меморандумға қол қою рәсіміне аудандық соттың және архивтің мамандары қатысты. Меморандум ұлттық архив қоры құжаттарын және басқа да архив құжаттарын жинақтау, уақытша сақтау және пайдалану мақсатында ведомстволық немесе жеке архивтер құру, ғылыми-техникалық құжаттама, дыбыс-бейне жазу құжаттамасы, тарихи деректемелермен алмасу, сондай-ақ архив құжаттарынан көшірмелер жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құжаттардың құндылығын сараптау, ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын жүргізуде әдістемелік-практикалық көмек көрсету, құжаттарды сақтаудың жай-күйіне аса мән беріп, архивке өткізудің заңдылығын меңгеру және ынтымақтастық аясында түрлі іс-шаралар өткізіп отыруды көздейді.
    Қатысушылар аталған Меморандум сот қауымдастығы мен мұрағат басқармасының арасындағы аудандық көлемдегі  оң жұмыстың бастамасы болатынына сенім білдірді.
    Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі

24 қазан 2017 ж. 582 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области