Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТКЕН БАҒДАРЛАМА

КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТКЕН БАҒДАРЛАМА


    Қызылордалық кәсіпкер  Жұлдызай Арыстанбаева бизнесін дамытуға 6%сыйақымен Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында несие алды.
    Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен ол тігін цехын кеңейту жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда. Бірнеше жыл көлемінде Жұлдызай Арыстанбаева отбасымен бірге тігіншілікті меңгеріп,тапсырысқа киім, жалюзи және перделер тігумен айналысып келеді. Алайда ескірген құрал-жабдықтардың цехтың үздіксіз жұмыс істеуіне кесірін тигізіп келген еді. Кәсібін кеңейтуді ойлаған ол «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шарттары туралы ақпарат алды.  
    Нәтижесінде Қызылорда қаласындағы «АТФ Банк» АҚ филиалы Жұлдызай Арыстанбаеваның жобасын қаржыландырып, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 6%-бен несие берді.Жеңілдетілген несие кәсіпкерге тігін цехын жаңа қондырғылармен жабдықтап, өнім өндірісін арттыруға мүмкіндік береді.
    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бизнесті бастау немесе оны дамыту мақсатында Қызылорда облысы бойынша  «Сбербанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «АТФ Банк» АҚ секілді екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеуге болады.  Бағдарламаға жұмыссыз, бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлер қатыса алады. Қаржыландыру бағыты –сауда саласының айналым қаражатын толтырудан басқа кез-келген бизнес түріне беріледі. Несие болйынша сыйақы мөлшері 6 пайыз.


24 қазан 2017 ж. 389 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области