Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТОҒЫЗ ЖАРЫМ МЫҢНАН АСТАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

ТОҒЫЗ ЖАРЫМ МЫҢНАН АСТАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ


     Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысында осы жылдың екінші тоқсанында  еңбекке жарамды тұрғындар саны 348 000-ға (2016 ж. 2 тоқ.– 340,7 мың адам) жеткен. Олардың жұмыспен қамтылғандары 331,2 мың (2016 ж. 2 тоқ. – 323,7 мың) болып отыр. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% (2016 ж. - 5,0%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2% құрады (2016 ж. – 5,0%).
    Осы жылғы 9 айды қорытындылаған жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше осы жылы 9875 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланса,  бүгінде 10997 жаңа жұмыс ашылды, оның 9587-і  тұрақты.
    Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 22543 адам хабарласып, олардың, соның ішінен 10767-і жұмысқа орналастырылды.
    Тоғыз ай ішінде облыста 91 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп,  944 жұмыс беруші 4069 бос жұмыс орындарын ұсынды.  

24 қазан 2017 ж. 482 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области