Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҒАЛЫМДАР АВТОБУСТА ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРҒА ОРЫН БЕРМЕУГЕ КЕҢЕС БЕРДІ

ҒАЛЫМДАР АВТОБУСТА ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРҒА ОРЫН БЕРМЕУГЕ КЕҢЕС БЕРДІ


    Ұлыбританиялық ғалымдар тобы ел естімеген ерекше зерттеу мақаласын жариялады. Олар бұл еңбектерінде қоғамдық көліктерде егде жастағы адамдарға орын бермеуге кеңес берген, - деп хабарлайды РИА Новости.
    British Medical Journal журналында жарияланған мақалада ғалымдар қарт адамдардың физикалық белсенділігі мен әлеуметтік қамтамасыз етілуінің байланысы жайлы жазған.  
    Хирург-ортопед Скартелтт МакНелли мен оның әріптестері қартаюдың басты себебі физикалық белсенділіктің аздығы деп санайды. Үнемі жаттығу жасау арқылы қартаюдың алдын алып, ширақ жүруге жол ашуға болады дейді.  
    - Біз қартайған шақта демалуға кеңес бермей, белсенділікті арттыруымыз қажет. Автобуста немесе пойызда кетіп бара жатқанда қарт адамға орын беруден бұрын жақсылап ойланып алыңыз. Олар үшін тұрып тұру - жақсы жаттығу, - дейді профессор Муир Грэй.   
    - Көптеген ауру адамның жасына емес, белсенділігінің азаюына байланысты. Көбірек жаттықсақ - сол тиімді іс болады, - дейді Скартелтт МакНелли.
    Оның айтуынша, стационарда емделіп жатқан адамдардың өзі серуендеп қайтуға немесе дәлізде жүруге уақыт табуы керек.
     Скартелтт МакНелли мен оның әріптестері қоғамның егде жастағы адамдарға көбірек белсенді өмір сүруі үшін мүмкіндік жасауы керектігін айтады.  
    Иә, ғалымдардың жасаған тұжырымы дұрыс-ақ болар. Бірақ үлкенін сыйлаған, қазыналы қариясын қадірлеген қазақ халқы үшін бұл бір әбес қылық екені жасырын емес.
    Ал бұл туралы сіз не дейсіз?
    massaget

24 қазан 2017 ж. 771 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области