Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ

СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ


    Тәуелсіздік жылдарындағы Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәдени мұра мен ұлттық тарихты терең зерделеу және ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жөніндегі бағдарламалары өткен дәуір қатесін түзетіп, жаңа тарихи көкжиектерге жол ашты. Қазақтың бай тарихи мұрасы әлем халқының рухани байлығына қосылды. Қазақ елі өзінің тарихи болмысы мен ұлттық кодын білетін мәңгілік ел болу даңғылына түсті.
    Кейбір кездерде «қазақтарда мемлекет болмаған» дейтін жөн-жосықсыздықтың бой көрсете бастағаны баршаға белгілі шындық. Елбасының бастамасымен 2015 жылы мерекеленген Қазақ хандығының 550 жылдығы мұндай қаңқу сөздерді сап тыйып, қазақ тарихына өзгелерді де құрметпен қарауға үндеді.
    Ең бастысы, бұл мерейлі шара ұрпақтың отангерлік сезімін тереңдете түсіп, ұлттық рухымызды биікке көтерді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты әйгілі бағдарламалық мақаласының ұлттық санамызды жаңғыртуға бағытталуы жайдан-жай емес. Елбасы өз мақаласында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» сияқты бірнеше жобалардың іске асуы тиіс екенін нақты көрсетті.
    Жаһандық бәсекеге бейімделген мамандар даярлау мәселесін көтерді. Сонымен бірге Елбасы қолға алуды ұсынған «Туған жер» бағдарламасы отандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған. «Туған жер» бағдарламасының жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналдыруды айтты.
    Бағдарламалық мақала жарық көрген соң аймағымызда осы бағыттардағы ауқымды істердің іле-шала қолға алынғаны қуантады. Бүгінде «Рухани жаңғырудың» 4 кіші бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру бойынша облыстық жұмыс тобы, сарапшылар кеңесі мен жобалық кеңсе, жобалық топ, хатшылық құрамы құрылып, жұмыс жасап отыр. Бұл топтардың құрамында зиялы қауым өкілдері, депутаттар, ардагерлер, партия жетекшілері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері бар. Бағдарламаны ілгерілету мақсатында және қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді насихаттайтын облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылды. Қазіргі кезеңде бұл топ мүшелері қала мен аудан тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.
    Сонымен бірге өңірлік жобалық офиспен бағдарламаның 4 кіші бағдарламасына негізделе отырып, орталық жобаның офиспен келісілген 63 жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобалардың 48-не облыс бюджетінен қаржы қарастырылса, қалғаны қаржы талап етпейтін жобалар болып отыр.
    Бүгінгі күнге 20-дан астам жоба жүзеге асырылып, осылардың аясында әртүрлі 331 шара ұйымдастырылған. «Бағдарламаны іске асыру шеңберінде облыс көлемінде желілік кесте қалыптастырылып, іс-шара жоспарлары бекітілді. Бекілген жоспарларда бағдарламаның 4 кіші бағытын және нысаналы топтарға бағдарланған түрлі форматтағы іс-шаралар толық қамтылды» – дейді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ә.Жарылқағанов. Осы атқарылып жатқан ілгерішіл істердің қатарындағы «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына» кіші бағдарламаларын атап айтуға болады. Айтылып отырған алғашқы кіші бағдарлама аясында облыстық білім басқармасы 28 жоба бойынша жұмыс жүргізуде.
    «Атамекен» кіші бағдарламасының «Азаматтық бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» базалық жобалары бойынша облысымызда ірі көлемдегі 7 жоба жүзеге асырылуда. Базалық бағытты жүзеге асыру тұрғысындағы «Жүрек жылуы» акциясы арқылы қаладағы 800 тұрмысы төмен отбасыға 14 млн теңгеге көмек көрсетілген.
    «Мектепке жол» акциясы бойынша әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, сондайақ толық емес отбасы балаларына бюджеттен тыс қаржы көздері арқылы 55 млн теңгеге жуық көмек берілген. Бұл акцияға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, бизнес құрылымдарының өкілдері, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысқан.
    «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша да 24 жоба жүзеге асырылуда. Сыр өңіріндегі Шірік Рабат, Жанкент, Оқшы, Қорасан, Қорқыт ата кесенелері сияқты 10 киелі орын Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енгізілді.
    Жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде Елбасы тапсырмасымен толық реконструкциядан өткен «Қорқыт ата» мемориалдық кешені жанынан ашылған этноауыл жұмысы ерекше атауға сұранып тұр. Бұл жоба аясында шетелдік туристер қазақ халқының ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысып қана қоймай, осы құндылықтарымызды шет елдерге кең түрде насихаттау бағытындағы жұмыстар іске асырылуда. Этноауылда ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген киіз үйлер, жергілікті қолөнер шеберлерінің төл туындылары – киізден, саздан, ағаштан, күмістен жасаған бұйымдар сөрелерде сап түзеп, қазақтың төрт түлігіне төр болған жайлау орналасқан. Осы күнге дейін елімізден келген 5 мыңға жуық адамды айтпағанда, этноауылды 37 шет мемлекеттің туристері тамашалаған. Бұл дерек бағдарламаның жоғары деңгейде орындалып жатқанына бір дәлел болады.
    Аталған кіші бағдарламалар қатарында «Ақпарат толқыны» бағдарламасы да өз міндетін айтарлықтай атқарып келеді. Бұл тұрғыда облыстық, қалалық, аудандық ақпарат құралдарын бір орталықтан басқарып отырған медиа-холдинг жұмысын атап айтуға болады. Ол мемлекеттік ақпараттық саясатты сапалы әрі жемісті жүргізу арқылы аймағымыздың рухани-мәдени дамуына қомақты үлес қосып келеді. Сонымен бірге «100 жаңа есім» жобасы бойынша «el.kz» сайтына облысымыздан бүгінге дейін 100-ге жуық адам ұсынылып, өз саласында жетістікке жеткен тұлғаларды, жаңа есімдерді насихаттайтын аталған сайт арқылы дауыс беруді ілгерілету жұмыстары жүргізілуде.
    Осындай тың, соны жобалардың лайықты жалғасы Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтеретін жаңа қала құрылысы болмақ. Осы аумақтан әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылым нысандарымен бірге жастар орталығы, студенттер қалашығы, сондай-ақ, кеңес өкіметі кезінде Қызылордада орналасқан Қазақ орталық атқару комитетінің тарихи ғимараты үлгісінде салынатын музей құрылысы жұмыстары жүргізілу үстінде.
    Бұл – игілікті істердің бәрі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын міндеттерді күш-жігермен жүзеге асырып жатқан жерлестеріміздің ерен еңбегінің жарқын көрінісі, жаңғырудың жаңа қадамдары.
    Д.АЯШҰЛЫ,
    «СБ»

17 қазан 2017 ж. 939 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области