Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӘЛІБЕК ТАҢАТОВ АМЕРИКАДА «ҮЗДІК ТЕҢІЗШІ» АТАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӘЛІБЕК ТАҢАТОВ АМЕРИКАДА «ҮЗДІК ТЕҢІЗШІ» АТАНДЫ


    Қызылорда облысының тумасы, теңізші Әлібек Таңатов АҚШ-қа осы жылдың наурыз айында аттанған болатын. Талапты жігіт аз уақыт ішінде білімі мен физикалық дайындығының арқасында өз тобының арасынан қара үзіп щықты.   
    Ол теңізші болуды бала кезден армандапты, 2009 жылы осы мамандық иесі болуды біржола бел байлады. Осы мақсатта ағылшын тілін үйрене бастады. Таланты мен талабы ұштасқан жігіттің бұл ізденісі ізсіз кеткен жоқ. АҚШ-тағы «Халықаралық әскери білім мен дайындық» бағдарламасына үміткерлер іріктелгенде Әлібек бірден көзге түсті.
     Осы жылдың көктемінде Техас штатындағы Сан-Антонио қаласына келген ол қабылдау емтихандарын еш қиындықсыз тапсырды.
    - Сынаққа дайындықтың өзі үш айға созылды. Әр апта сайын тест тапсырдық. Одан өтпей қалсаң, жүгіңді жинап елге қайтудан басқа жол жоқ.  Ағылшын тілінде сөйлеуден бөлек жаза білуге баса назар аударылды, - дейді бүгінде «Маңғыстау» кемесінің байланысына жауапты Әлібек Таңатов. .
    Жетістіктері балдық жүйемен есептелетін бағдарламада Әлібек жоғары ұпай жинады. Осылайша АҚШ-тағы жағалау күзетінің оқу орталығында өткен курсты үздік тәмәмдағандар қатарынан табылды.
    - Бізді онда жеке құрамды басқаруға, түрлі жағдайға жұртты жұмылдыра алуға үйретті. Бұдан бөлек спорттық дайындықтарымыз да назарға алынды. Қорытынды сынақты сәтті тапсырдым, - дейді теңізші.









23 қазан 2017 ж. 533 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области