Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҒЫ ҮШІН ҚАЗЫНА ІЗДЕДІ

ҚАЗАҒЫ ҮШІН ҚАЗЫНА ІЗДЕДІ


    Биыл туғанына 90 жыл толып отырған мемлекет қайраткері, әйгілі академик Шахмардан Есенов туралы айтқанда ең алдымен менің ойыма ол кісінің бір ерлігі оралады.
    Шахаңның геология министрі болып тұрғанда Маңғыстауды Қазақстан құрамында қалдырғанын қазір екінің бірі біле бермейтін болар. Ол кісі осы мәселемен сол кездегі СОКП ОК бірінші хатшысы Н. Хрущевтің алдына барып, Қазақстанда Маңғыстау мұнайын игеру мүмкіндігі бар екенін дәлелдеген. Осылайша Маңғыстау түбегі Түрменстанға қосылудан аман қалды.
    Шахмардан Есенов ашқан түрлі кен орындары бүгін әр өңірдегі экономиканың негізгі саласына айналып, Қазақстанның игілігіне жарап отыр. Бұл қазағы үшін қазына іздеген ғалымның аты да, ісі де мәңгі өлмейтінін көрсетсе керек.
    Г. ЖОЛТАЕВ,
    Қ.Сәтбаев атындағы геологиялық
    ғылымдар институты директоры  

20 қазан 2017 ж. 578 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области