Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮЕҰ ӨКІЛДЕРІ ДЕ ҮН ҚОСТЫ

ҮЕҰ ӨКІЛДЕРІ ДЕ ҮН ҚОСТЫ


      «ProBono» қоғамдық қорының тренинг орталығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж.Сәдуақасұлы мен облыстық  тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мұсаева өңірдегі белсенді азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен кездесіп, латын әліпбиіне көшу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Шараға 11 үкіметтік емес ұйым мүшелерінен 33 өкілі қатысты. Н.Мұсаева латын әліпбиіне көшудің оңтайлы тұстарын атап өтсе, Ж.Сәдуақасұлы латын әліпбиінің жобаларымен таныстырды.
    ҮЕҰ өкілдері өз кезегінде әліпбиді жетілдіру бойынша ұсыныстарын енгізіп, латын әліпбиіне көшуді қолдайтындарын жеткізді.

20 қазан 2017 ж. 241 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области