Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РЕСЕЙ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ҚҰЛАҒАН «ПРОТОН-М» ЗЫМЫРАНЫ ҮШІН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕЙТІН БОЛДЫ

РЕСЕЙ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ҚҰЛАҒАН «ПРОТОН-М» ЗЫМЫРАНЫ ҮШІН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕЙТІН БОЛДЫ


    Ресей 2013 жылы құлаған «Протон-М» зымыраны үшін Қазақстанға өтемақы төлейтін болды деп хабарлайды QazaqTimes.kz.
    Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың сөзінше, Ресей тарапы 2013 жылы құлаған «Протон-М» зымыраны үшін Қазақстанға өтемақы төлеуге міндетті.
    – Мен «Протон-М» зымыраны құлаған күннің ертеңінде оқиға орнында болдым. Ол жерде ресейліктер бөлек тілде, біз мүлдем бөлек тілде сөйлестік. Өйткені ғарыш айлағында кімнің заңы жүретінін біз білмедік. Олар өз заңдары бойынша сөйлейді, біз өз заңымыз бойынша сөйлейміз.
    Бірақ кейіннен ғарыш айлағында Қазақстан экологиялық кодексі бойынша жұмыс істейтін болып келістік. Қазір Қазақстанға тиісті өтемақы төлеуге байланысты келіссөздер жүргізілуде. «Ресей өтемақы төлей ме?» - деген сұрақ бұл жерде мүлдем болмауы тиіс, - деді әкім журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
    Естеріңізге салайық, «Протон-М» зымыраны 2013 жылдың шілде айында Байқоңыр ғарыш айлағынан әуеге көтерілген бетте апатқа ұшыраған болатын.

20 қазан 2017 ж. 592 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области