Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: СЫМБАТ ӘБДІРАХМАНОВА

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: СЫМБАТ ӘБДІРАХМАНОВА


    Сымбат Нұртазақызы – ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған жас маман. Аудармашы, психолог.
    Сымбат 2008 жылы парсы тілі бойынша Орта Азиялық олимпиадада І-орын алған. «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі. Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған бірнеше мультфильмдердің авторы. Мәселен, «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» деп аталса, «Логоритмика» әдістемелік құралы сондай-ақ «Компьютерлік психодиагностика» атты жасөспірімдер арасындағы психологиялық өзгерістерді анықтауға арналған жобаның авторы. «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) жобасының координаторы.
    Сымбат Нұртазақызы 1988 жылы 10 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар мен Әлем тілдер университетінде 2005-2009 жылы «Филология» мамандығы бойынша, 2007 жылы Иран мемлекетінің «Таботабои» университетінде арнайы біліктілік арттыру курсында білім алды. 2007-2009 жылдары Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінде аудармашы қызметін атқарды. 2009-2011 жылдары «ілеспе аудармашы» мамандығы бойынша магистратурада білімін шыңдады. 2012 жылдан бастап Қызылорда облысының білім басқармасы жанындағы облыстық оқу орталығында қызмет атқаруда.
    2016 жылы Испанияның Овьедо қаласында өткізілген 16-шы "Суицид және суицидалды әрекет" тақырыбында өткен симпозиумда "Қазақстандағы кәмелетке толмағандар арасында суицидтердің алдын-алу: Қызылорда облысының тәжірибесі" тақырыбында баяндама жасап, өз тәжірибесін әлем сарапшыларымен бөлісті.
    Сымбат Әбдірахманова ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған дамытушы мультфильмдер құрастырады. Және ол баланың ақыл-ойын дамытуға арналған мультипликациялық өнімдердің қазақ тілінде дайындалуына күш салып отыр. Бүгінде арнайы дайындалған мульфильмдерді кез-келген тұрғын облыстық білім басқармасының Ютуб каналына өту арқылы жүктеп, қолдана алады.
           – Әрбір шығармашылыққа жаны құмар адам, өз туындысын дайындағанда, сол туынды пайдаға жараса, қолданысқа ие болса деп тілейді. Себебі, әр туындыны жасауда, алдымен басқа идея, ол идея баста пісіп-жетіліп, іске асамын дегенше қаншама уақыт, ізденіс, жүйке жүйесі кетеді, оған ойыңды, сезіміңді арнайсың. Қазіргі күні, жасаған жобаларымның пайдаланылып жатқанын көргенде еңбегімнің ақталғанына қуанамын,– дейді Сымбат.

20 қазан 2017 ж. 1 180 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области