Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Kyzylorda-news.kz. Ауа райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» РМК мамандары Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жариялады.
12 қыркүйек таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
12 қыркүйек түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
12 қыркүйек күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
12 қыркүйек күндіз Петропавл қаласында күн күркірейді. Батыстан жел соғады. Күндіз жел екпіні - 15-20 м/с.
11 қыркүйек 2019 ж. 47 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области