Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мерзімінен бұрын туған баланың оқу үлгерімі төмен болады

Мерзімінен бұрын туған баланың оқу үлгерімі төмен болады

Kyzylorda-news.kz. Мерзімінен бұрын туылған және жаз айларында өмірге келген балалардың мектептегі үлгерімі төмен болады. Британиялық ғалымдар тобы жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде осындай шешімге келді, деп хабарлайды tass.ru
Ұлыбританиядағы Лидс университетінің ғалымдары 10 мыңнан астам мектеп оқушысына қатысты мағлұматтарды талдап шықты. Мамандар баланың туылған уақыты мен оның мектептегі алғашқы оқу жылында көрсеткен үлгерімін басты назарға алды.
Зерттеу нәтижелері мерзімінен бұрын туылған балалардың оқу үлгерімі белгіленген уақытта өмірге келген бүлдіршіндерден екі есе төмен болатынын көрсеткен. Ал жаз айларында туылып, мектепке әдеттегіден бір жыл бұрын барған балалардың үлгерімі үш есе төмен болып шыққан.
Ғалымдар мерзімінен бұрын туылған балалардың кітап оқуға икемі төмен екенін анықтаған. Сондай-ақ олардың математикалық қабілеттері де баяу дамитын көрінеді. Мамандардың айтуынша, бұл қиындықтар балаға ересек өмірге бет бұрған кезінде де кері әсерін тигізеді.
«Осындай балаларға көмек көрсету мақсатында, мектеп мұғалімдері өз оқушыларының туылған мезгілдері жөнінде хабардар болуы қажет. Бұндай мәлімет балаларға бастапқы білім алу кезеңінде қосымша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», – дейді зерттеу авторларының бірі, доктор Кэтрин Петтингер.
26 тамыз 2019 ж. 26 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области