Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бұршақ, жауын, жел - дүйсенбіге арналған ауа райы

Бұршақ, жауын, жел - дүйсенбіге арналған ауа райы

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығыста және орталықта құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ, дауыл соғады.
Қостанай облысында таңертең және күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Маңғыстау, күндіз Қарағанда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, түнде Алматы, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қостанай облысының кей жерлерінде, Қарағанда облыстарыныңда қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Түркістан облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыльоблыстарында, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
01 шілде 2019 ж. 201 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области