Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВАҒА ДАУЫС БЕРЕЙІК!

ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВАҒА ДАУЫС БЕРЕЙІК!


    Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті «Хабар» агенттігімен бірлескен «Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі» байқауының өткізілуін жариялаған болатын.
     Байқау ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен осымен үшінші мәрте өткізіліп отыр. Ұлттық Олимпиадалық комитет 9 номинацияны тағайындады. Номинациялар қатарында «Үздік жас спортшы» жүлдесіне Элизабет Тұрсынбаева ұсынылды.
    Э.Тұрсынбаева – ел тарихында 2018 жылдың 9-25 ақпан аралығында Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына екі жолдама алған алғашқы мәнерлеп сырғанаушы.  
    Дауыс беру  ҚР ҰОК www.olympic.kz немесе http://olympic.kz/ru/award/3-luchshiy-molodoy-sportsmen ресми сайтында қараша айының 28-не дейін жалғасады.
    Осыған орай жерлесімізге қолдау білдіріп, дауыс берейік!  

08 қараша 2017 ж. 221 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области